Атырау, 22 қыркүйек 07:30
 ашықВ Атырау +25
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Синоптиктер Алматы мен тағы 3 қала тұрғындарына ескерту жасады

407 просмотра
Фото: azh.kz/Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 29 мамырда Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

29 мамыр, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.