Жыл басында «ҚазМұнайГаз» және итальяндық Eni S.p.A компаниясы Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Жоба аясында салынатын нысандар: жел электр станциясы (77 МВт), күн электр станциясы (50 МВт), газ электр станциясы (120 МВт).
Жобаның мақсаты — өңірдегі ҚМГ-ның өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету.
Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш жүзеге асырылатын болады. Жоба толық қуатына 2025 жылдың соңында шығады деп жоспарланған.