Атырау, 18 қазан 08:17
 ашықВ Атырау +17
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Қазақстан қытайлық АЭС-терге 76 жылу бөлу жинағын экспорттаған

415 просмотра

Қазақстан Қытайдың атом электр станцияларына 76 жылу бөлетін жинақ жеткізді. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"ҚазАтомӨнеркәсіп" құрамына кіретін "Үлбі металлургия зауыты" энергетикалық реакторлар үшін уран оксиді ұнтақтары мен отын таблеткаларының өндірісі бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ құрамында уран бар қиын алынатын материалдарды қайта өңдейді. 2024 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 79 тонна уран өнімі шығарылды. Оның ішінде таблетка түрінде – 76 тонна, ұнтақ түріндегі уран диоксиді – 3 тонна", - деді министр.

Министрдің айтуынша, 2021 жылдан бастап "Үлбі-ТВС" зауыты Қытайдың атом электр станциясы үшін жылу бөлетін жинақ өндіру қызметін атқарып келеді.

"2024 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың атом электр станцияларына 76 жылу бөлетін жинақтар жеткізілді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.


28 мамыр, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.