Атырау, 16 қаңтар 05:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Батыс Қазақстанда 7 миллион теңгені қалтасына басқан әкімдік қызметкері ұсталды

403 просмотра
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады. Әкімдік есепшісі 3 жыл бойы өзіне артық соманы аудары отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады», - делінген хабарламада. 

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

Есепші Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни, 14 жасқа толғанға дейін шегерілді. 

28 мамыр 2024, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.