Атырау, 16 қаңтар 05:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындар жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға міндетті

379 просмотра

Мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындар өндірісті тереңдету және жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға міндетті болады, деп хабарплайды primeminister.kz. 

«Ірі кәсіпорындардың отандық өнім үлесін дамыту бағдарламаларын қабылдау міндеттемелерін және табиғи монополия субъектілерінің сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. Бұл бағдарламалар офтейк-келісімшарттар және ұзақ мерзімді шарт жасасу, шағын және орта бизнес белдеуін құру сияқты шараларды қамтиды. Сонымен қатар, мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысушыларға қатысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде отандық өнімді қолдану, сондай-ақ өңдеу деңгейін тереңдету бойынша міндеттемелер қойылатын болады», – деді Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

 Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен оларды өндірушілер туралы ақпаратқа бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін «СТ-KZ» сертификаттары мен Индустриялық сертификаттың орнына, қазақстандық тауарлардың Бірыңғай Тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

28 мамыр 2024, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.