Атырау, 22 қыркүйек 08:30
 ашықВ Атырау +25
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

349 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

28 мамыр, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.