Атырау, 22 қыркүйек 08:33
 ашықВ Атырау +25
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Сарыоба станциясында тұз қышқылы төгілген цистерна қауіпсіз жерге шығарылды

274 просмотра

25 мамырда Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан жүк құрамындағы цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.  

Қауіпті жүктері бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. Ақмола облысының құтқарушылары ағысты жойды.

27 мамырда цистернаның ішіндегісін жүк тасымалдаушылармен айдау кезінде тұз қышқылының қайта ағуы орын алды. Ағымды Астана қаласы ТЖД қызметкерлері жойды. Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйретілді.

СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері төгілу орнында газсыздандыруды жүргізеді. Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

"Жағдай апат болған жерде жедел штабтың бақылауында", - деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов.


28 мамыр, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.