Білім ошағының 126 жылдық тарихынан сыр шертетін мұражай Қызылқоға ауданындағы Қаракөл орта мектебінде ашылды.
Мектепті 2004 жылы бітірген түлектер 20 жылдық кездесуге орай құнды ақпараттар мен тарихи деректер жинақталған мұражайды 3 ай ішінде жасақтаған. Мұражайдың ашылу салтанатына ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары қатысты.
- Мұражай ашудағы мақсат - мектеп тарихын жаңғырту, еңбек еткен ұстаздарды ұлықтау, олардың үлгі-өнеге жолын өскелең ұрпаққа насихаттау, - мектеп түлегі Руслан САРБАЛИН.
Мұражайға бұрынғы Қызыл үйдегі мектептің, қазіргі мектептің барлық мәліметі, фотосуреттер, жазбалар мен жәдігерлер қойылған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ