Атырау облысы Жалғансай ауылында су айдау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылған болатын. Нәтижесінде су елді мекенге қарай тарады. Сумен шайылған бөгет толығымен қалпына келтірілді.
Бүгін тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды.
Ұзындығы 7 км. бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөгетті қосымша нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.