Атырау, 28 қараша 03:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ТЖД: “Тасқын су Атыраудың солтүстік бөлігіндегі елді мекендерге қауіп төндіруде”

737 просмотра

Атырау облысы ТЖ департаментінің мәліметінше, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау маңындағы 1-5 нөмірлі учаскелер қауіпті аймақтар болып қалуда.

ТЖ департаменті басшысының орынбасары Руслан ШАРИЕВТІҢ айтуынша, қазіргі уақытта су Алмалы және Бесікті ауылдарына жақындады.

⁃ Бүгінде елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп, қорғаныс бөгеттері шатырмен (шифер) қосымша бекітіліп жатыр. Дамбылар қосымша биіктетіліп, арналар тереңдетілуде. Ағынды су Атыраудың солтүстік бөлігіндегі барлық елді мекенге қауіп төндіріп отыр, - деді Руслан Шариев.

Айта кетейік, Атырау мен оның маңында қорғаныс бөгеттерінде тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен еріктілер жұмылдырылды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

28 мамыр, 00:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.