Атырау, 18 қазан 08:59
 ашықВ Атырау +17
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды

386 просмотра

Алматы облысының әкімдігі туристер мінген автобус апатына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімдік мәліметінше, автобус жүргізушісі Аласа асуындағы бұрылыста жолдан шығып кеткен. Автобус шұңқырға құлап, бүйіріне аударылып қалған.

Оқиға орнына Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы барған.

"Автобуста 37 адам болған, олардың барлығы қазақстандық туристер, олар Көлсайға бара жатқан. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кейін автобуста Ресейден келген екі турист болғаны белгілі болды.

27 мамыр, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.