Атырау, 8 қыркүйек 04:45
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Астанада оқушы қызға қастандық жасалған: НЗМ мәлімдемесі

404 просмотра

Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) Астанада 18 жастағы қызға қастандық жасалған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Баспасөз қызметі қыздың расында мектепте оқитынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

НЗМ жалған ақпарат таратпауды және құқық қорғау органдарынан ресми түсініктеме күтуді сұрайды.

"Иә, 2024 жылдың 25 мамырында Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түскенін растаймыз. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Қазіргі уақытта оқиға сабақтан тыс уақытта болғаны, шабуыл жасаған жасөспірім НЗМ шәкірті емес екені белгілі болды. Өз кезегінде жалған ақпарат таратпауды және құқық қорғау органдарынан ресми түсініктеме күтуді сұраймыз", - деді басылым тілшісіне.

Еске салайық, оқиға бір күн бұрын Астанада болған. Кейін полицейлер кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.

27 мамыр, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.