![](https://f.azh.kz/news-kaz/069/901/1471665454681e49e.jpeg)
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа өзін «Astana Exchange» деп атайтын және криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын компанияның алаяқ екенін ескертеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бұл компания қаржылық қызметтерді көрсету үшін жалған лицензияны пайдаланады. Жүргізілген талдау нәтижесінде AFSA аталған ұйымның АХҚО-да тіркелмегенін және қаржылық қызметтер көрсетуге жарамды лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, оның қызметі АХҚО актілерінің нормаларына қайшы келеді.
AFSA жұртшылықты AFSA лицензиялаған және/немесе тіркеген компаниялар туралы ақпаратты қамтитын жария тізілімді тексеруге шақырады. Бұл қадам кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын компанияның лицензияланғанына көз жеткізу үшін маңызды.
AFSA осы алаяқтыққа қатысты кез келген хабарламаға жауап бермеуге және еш жағдайда осы компаниямен іскерлік қарым-қатынасқа түспеуге, сондай-ақ осы алаяқтыққа байланысты кез келген тарапқа ақша жібермеуге немесе аудармауға кеңес береді.
Егер сізде қандай да бір хат-хабардың шынайылығына күмәніңіз болса немесе алаяқтыққа қатысы бар адам сізбен байланысты деп күдіктенсеңіз, сізге AFSA-ға тікелей хабарласуға кеңес береміз. Ол үшін біздің сайтта орналастырылған онлайн-форманы пайдалана аласыз.