Атырау, 26 сәуір 11:43
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ойдан шығарылған ұрлық

2 432 просмотра

Атырау қалалық ІІБ-нің №2 қалалық полиция бөлімшесіне 16 жастағы ақтөбелік қыздың туыстарынан шағым түсті. Олар Атырау колледждерінің бірінде оқып жүрген қыздың 13 маусымда жоғалып кеткенін хабарлады.

Полицейлер іздестіру жұмыстарына кіріскен, ал төрт күннен кейін жоғалған қыздың өзі Атырауда тұратын әпкесіне қоңырау шалып, белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігін және өзін бейтаныс жердегі саяжайда ұстап отырғанын хабарлаған.

– 17 маусымда жедел-іздестіру шарасының барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ұрланған» қызды тауып алды. Ол Атыраудағы өз құрбысының үйіне жасырынған екен, - дейдіАтырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. – Қыз полицейлерге әпкесінің өзін үнемі зәбірлейтінін айтқан. Шыдай алмаған қыз қашып кетуді ұйғарыпты. Ата-анасынан ұрыс естімес үшін ұрлап кетті деген хикаяны ойлап тапқан. Қазіргі кезде қыз ата-анасына қолына қолхатпен берілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

19 маусым 2013, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.