Атырау, 16 қаңтар 07:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

БҚО-да есепші бюджет қаражатын құмар ойындарға жұмсаған

450 просмотра
alatauaraiy.kz

Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды, деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Соттың үкіміне сәйкес ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасы есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғанын анықтады.

Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Келген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

27 мамыр 2024, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.