Соңғы екі айда Атырауда телефон желілерін ұрлау жиілеп кетті. Көбінесе Авангард ықшам ауданы мен Сәтпаев көшелеріндегі сымдар қолды болған.
- Қолда бар жедел ақпарат бойынша Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 15 маусымда 22 және 24 жастағы екі күдіктіні ұстады. Екеуі де бұрын ұрлық үшін сотталған, - деп хабарладыАтырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ.
Полицейлер ұрылардың ұрланған желілердің изоляциясын өртеп, ішіндегі мысын түрлі-түсті металлдар қабылдайтын қосынға тапсырғанын анықтады. ҚР ҚК 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден заттай айғақтар алынып, жауап алу мен көзбе-көз беттестіру кезінде екеуі де мойындау жауаптарын берген. Тергеу аяқталғанға дейін олар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Тамара СУХОМЛИНОВА
…және құрылыстың үш «маманы»
Қалалық №2 полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тонауды кәсіп қылған үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.
- Түнгі уақытта күдіктілер жеке үйлер салынып жатқан қала шетін аралап, қожайындарынсыз жұмыс жасап жатқан жұмысшылары бар құрылыстарды тіміскілеп, оларға қоқан-лоққы көрсеткен. Қорқып қалған жұмысшылардың ақшаларын, ұялы телефондары мен құрылыс құрал-саймандарын алып кеткен, - дейді Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ.
Үшеуі де мойындау жауаптарын беріп, заттай айғақтар алынды, ҚР ҚК-нің 178-бабы («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тамара СУХОМЛИНОВА