Атырау, 27 шілде 06:06
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Сал ауруына шалдыққан қазақстандық балалар енді Өзбекстанда тегін емделеді

584 просмотра
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Өзбекстанмен шекаралас облыстарында тұратын ДЦП-ға шалдыққан балалар Самарқан қаласындағы клиникада тегін емделеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту аясында Қазақстанның Самарқандағы Бас консулдығы мен өзбекстандық «SAG Group» компаниясына қарасты «Bionur» клиникасы тиісті меморандумға қол қойды.

Ата-аналар сал ауруына шалдыққан балаларын Өзбекстанға апарып, тегін емдете алады. Алайда мұндай мүмкіндік барлығына бірдей ұсынылмайды. Меморандум аясында Қазақстанның Өзбекстанмен шектесетін өңірлерінде, яғни Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстарында тұратын науқас балалар ғана емделеді.

«SAG Group» компаниясы өзінің «Bionur» клиникасында церебральды сал ауруымен ауыратын Қазақстан азаматтары үшін ай сайын 12 орын береді. Квотаға АҚШ, Ұлыбритания және Ресейде өндірілген ең озық жабдықтарда балаларды емдеу, оңалту, бүкіл курс бойы 1 бала мен еріп жүретін 1 ата-ана үшін тұратын орын және тамағы кіреді. Емделуге Қазақстан Республикасының облыстық денсаулық сақтау басқармалары арқылы жазылуға болады», - деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметі.

Айта кетері, «Bionur» клиникасын 2011 жылы «SAG Group» компаниясы құрған, клиника содан бері науқастарға денсаулығын қалпына келтіруге көмектесіп келеді.

Клиника әр емделушіге жеке және кешенді тәсілді қолданады, яғни мамандар науқастың жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып, диагностика мен емдеу әдістерін таңдайды, деп атап өтті сыртқы саяси ведомстводағылар.

24 мамыр, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.