Атырау, 16 маусым 16:38
 ашықВ Атырау +31
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

Жошы хан туралы сериал ағылшын тілінде түсіріледі

303 просмотра

«Дара» президенттік бастамалары қоры Шыңғыс ханның ұлы Жошы туралы ағылшын тіліндегі сериал Қазақстанда таспаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сериалды кім түсіреді

«Дара» президенттік бастамалар қоры және Karga Seven Pictures компаниясымен фильмімен бірлесе отырып, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты бөлімді ағылшын тіліндегі гибридті деректі-драмалық сериал түсіре бастады, – делінген хабарламада.

Сериалда Жошы ханның өмір тарихы мен Алтын Орда империясының даму кезеңдері көрсетіледі.

Толығырақ

Таспагерлер түсірілім күзде Қазақстан мен Түркияда басталады деп уәде беріп отыр. Karga Seven Pictures Netflix үшін «Империяның өрлеуі: Османлы империясы» және «Келісім: Мұсаның хикаясы» фильмін түсірді. Кинотуындылар 90-нан аса елде үздік 10 телехикая болды.

Жошы ханның өмір тарихы керемет эпика болғандықтан ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Біз «Дара» қорымен осы ауқымды тарихи жобада ынтымақтасуға үлкен мән береміз, – деді Karga Seven Pictures шығармашылық директоры Эмре Шахин.

Еске салсақ, бұған дейін Жошы ұлысының 800 жылдығына орай елде Жошы туралы толықметражды көркем фильм және «Алтын Орда» тарихи сериалын түсіру мәселесін пысықталып жатқанын жазған болатынбыз.

23 мамыр, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.