Атырау, 2 маусым 15:06
 дождьВ Атырау +13.8
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Қазақстанда онлайн-несиелер жаңа әдіспен беріледі

672 рет қаралды
Фото: freepik.com

Сенат депутаттары заңға несие беру кезіндегі тәуекелді азайтуды реттейтін түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызда Мәжіліс қабылдаған несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру туралы заңда міндетті шарт – қазақстандықтардың биометриялық деректерін пайдалануды енгізу көзделген.

Заңды қарағаннан кейін сенаторлар түсініктеме берді: жаңа норма тек жеке тұлғаларға қатысты болады. Осылайша, онлайн несие алу үшін қазақстандықтар биометриялық мәліметтерді – бет пен көз торын сканерлеу керек.

"Заңды тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру мүмкін емес болғандықтан, биометриялық сәйкестендірусіз электрон банк несиесін беруге заңды тыйым салуды тек жеке тұлғаларға ғана тарату ұсынылып отыр", - деді депутат Сергей Карплюк Сенаттың жалпы отырысында.

23 мамыр 2024, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.