Атырау, 16 қаңтар 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Тоқаев Temasek Holdings компаниясының бас директорын қабылдады

411 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэйді «Самұрық-Қазына» қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады. 

Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

23 мамыр 2024, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.