Атырау, 16 маусым 12:42
 ашықВ Атырау +38
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

Ақтауда қала маңында таксисті өлтіріп кеткен

431 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындары "Адай" базасының аумағында таксисті жолаушы өлтіріп кетті деп ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz порталы таксист пен жолаушы арасында жанжал туындағанын атап өтті. Салдарынан жолаушы таксисті өлтірген. Бұл ретте жолаушы да пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген көрінеді.

Көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 22 мамырда стационарға ішінен пышақ жарақатын алған науқас түскен. 

Кеше сағат 22.20-да 1979 жылғы пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, - делінген хабарламада.

Полиция департаментіндегілер бұл ақпаратты растап, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

23 мамыр, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.