Атырау, 24 қараша 10:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үлескер және құрылысшы: алты қылмыстық іс пен жүздеген алданған адамдар​

847 просмотра

Соңғы үш жылда тұрғын үй аламын деген  500-ге жуық азамат алаяқтарға алданған.

 Атырау облысы полиция департаментінің өндірісінде соңғы 3 жылда тұрғын үй алу мақсатында пай және үлескерлік қатысу арқылы пәтер алуға қызығушылық танытқан  500-ге жуық тұрғын алдану деректерімен 6 қылмыстық іс тіркелген.
 
Атап айтқанда, "Жібек жолы", "Ақмаржан-Атырау", " Baisanat Residence", "Saraishyq", "Qazanat", "Family Town" тұғын үй кешендерінің  салымшыларына 5 млрд теңгеге жуық материалдық шығын келтіріп,тұрғындар осы күнге дейін құрлысы аяқталған пәтер немесе ақша қаражаттарын ала алмай жүр.

Осыған  орай , Атырау облысы полиция департаменті қала тұрғындары мен  қонақтарына Тұрғын үй кешендерінен пәтер алуға қаражат салу кезінде, Тұрғын үй кешені жерінің меншік иесімен  құрлыс нысандарын бақылайтын мемлекеттік мекемелердің құрлыс монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат құжаттары бар-жоғы туралы көз жеткізіп, күмәнді шарттардан бас тартып, мұқият болуға ескертеміз.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 мамыр, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.