Атырау, 6 қазан 12:23
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Барак Обама мен Владимир Путин кездесті

2 028 просмотра

Лох-Эрн қаласында өтіп жатқан «Үлкен сегіздіктің» басқосуында Барак Обама мен Владимир Путин кездесті, деп хабарлайды 24 KZ.

Екі ел президенттері жүргізілген келіссөздердің сәтті өткенін айтып, басқосу кезінде талқыға салынған мәселелерді атап өтті. Ресей Президенті әлем қауіпсіздігі мен халықаралық мәселелер, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық жайлы сұрақтардың көтерілгенін жеткізді. Өз кезегінде Барак Обама Владимир Путинге алғысын білдіріп, АҚШ пен Ресей ядролық және химиялық қаруды жоюға бағытталған бағдарламаларынның ары қарай жүзеге асатынын мәлімдеді. Сирияға қатысты пікірлерінің қарама-қайшылығына қарамастан, бейбіт келісімдерді жандандыратындарын жеткізді. Сондай-ақ, кездесуде Ауғанстан, Иран және Корей түбегіндегі шиеленістер де талқыға түсті.

Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті:

- Кей мәселелер бойынша пікіріміз қарама-қайшы келді. Алайда, Сириядағы шиеленісті шешіп, зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған бағытымыз бір. Бұл мәселе Женевада ұйымдастырылатын келіссөздер кезінде тағы қаралмақ. Сол кезде Сириядағы бір-біріне қарама-қарсы қос тарапты бітімге шақырып, бейбіт келісімге келулеріне күшімізді саламыз деп келістік.

Барак ОБАМА, АҚШ Президенті:

- Солтүстік Корея мен Иран мәселесіне байланысты келіссөздеріміз де нәтижелі болды. Бұл мәселе әлі де талқылауды қажет етеді. Иранға келетін болсақ, ядролық бағдарламаға қатысты түйткілді мәселе оң шешімін табады деп үміттенеміз.

Дереккөз: bnews.kz

18 маусым 2013, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.