Үкіметтің "Кейбір білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы" қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, халықаралық мектептер мәртебесі келесі білім беру ұйымдарына беріледі:
- "Қазақстандық интеллект мектебі" білім беру мекемесі;
- "Spectrum International School" ЖШС.
Құжат 6 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Бұған дейін Қазақстанда балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібін өзгерткенін айтқан едік.