Атырау, 18 сәуір 15:27
Кешке бұлыңғыр болады+1, түнде -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 379.36  € 428.94  P 5.93

Қаскүнем бе, маскүнем бе?

18 маусым 2013 15:05

16 маусымда шамамен сағат 21-де Жарбосынов көшесінде өтіп бара жатқан жүргінші  үй жанында ойнап жүрген 5 жасар қызды қолынан жетектеп кеткен.

Мұны көрген көршісі сол сәтте полицияға қоңырау шалыпты. Қызды жетектеген күдікті ер адамды сол маңда болған полиция жасағы ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г. МҰХТАРОВА.

Ұсталушы Атырауда уақытша тұрып жатқан Украинаның 26 жастағы азаматы боп шықты. Ол өз әрекетін қатты мас болғандығымен және қызды қалай жетектеп кеткені есінде қалмағандығымен түсіндірді. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы («Адам ұрлау») бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1681 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5