Атырау, 27 шілде 05:21
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды

348 просмотра
Фото: Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова

Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының әкімдігі растады. Боран ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, бөгет Қазақстан шекарасында Қытай жағынан 100 шақырым жерде жырылып кеткен.

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазір Боран ауылында жағалауды бекіту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр

"Су 2 сантиметрдей көтеріліп жатыр. Бірақ бұл тек осы ауыл аумағында. Ол жерде жұмыс әлі жүріп жатыр. Учаскеде 24 сағаттық вахта ұйымдастырылды. Оларда көлік, қайық, барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Аудан әкімі оқиға орнында, аудандық төтенше жағдайлар қызметінің басшысы сол жерде", - деді Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова.


22 мамыр, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.