Құлсары мен Оралда өтемақы талап етіп, көшеге шыққан тұрғындардың ешқайсысы ұсталған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Адамдар алаңнан тарады. Конструктивті келісімге келді деп түсінемін. Құлсарыда адамдар ұсталған жоқ. Оралда да өтемақы сұраған адамдардың ешқайсысы ұсталған жоқ», - деді ол.
Бұған дейін, Құлсары мен Орал тұрғындары биліктен суға кеткен үйлерінің өтемақысын беруді талап еткен.
22 мамыр 2024, 12:17