Атырау, 22 қыркүйек 12:52
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Шенеуніктер шетелге неше теңге шығара алады

458 просмотра
видеодан скриншот

Қазақстаннан шетелге шығатын шенеуніктер кез келген сомадағы қаражатты өзімен бірге алып шыға алады. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісінің сұрағына жауап берген Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, шенеуніктің қолындағы қаражат заңды ақшасы болса, оның сомасына шектеу жоқ. Ал, алып бара жатқан ақшасы заңды немесе заңсыз екенін құзырлы органдар анықтайды дейді ол.

«Кез келген соманы алып шыға алады. Заңсыз шығарса, әрине, күдікке ілінеді. Заңсыз шығарғанын құқық қорғау органдары тексереді. Заңсыз шығарылса, біз тексереміз», - деді Жеңіс Елемесов.

Айта кетейік, бұл сұрақты қоюымызға «Елде жоқ көлік аламын деп 1 млн доллар айыппұл төлеген Қазақстан билігіндегі шенеунік кім» деген тақырыптағы материалымыз түрткі болды. Танымал журналист Лұқпан Ахмедьяров «Замандас» подкастында үкіметтің жоғары лауазымды шенеунігі Таяу Шығыс елдерінің біріне эксклюзивті автокөлік сатып алуға барып, бір миллион доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын айтып берген. Көліктің өзін қолма-қол ақша беріп, 700 мың долларға сатып алған көрінеді.

22 мамыр, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.