Атырау, 22 қыркүйек 12:41
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

445 просмотра
Фото: Murat Gok/Anadolu via Getty Images

Бұған дейін хабарлағынымыздай, тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисидің денесі бейсенбіде, яғни 23 мамырда елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында жер қойнына тапсырылады. Раисидің жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжілістің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлағандай, Қошанов президенттің тапсырмасына орай бүгін жолға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде апатқа ұшырады.

Раисиді жерлеу рәсімдері сейсенбіден бейсенбіге дейін Табризде, Кумда, Тегеранда, Бирджендте және Мешхедте өтеді. 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленеді.

22 мамыр, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.