Атырау, 22 қыркүйек 12:39
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Алматыда үш шетелдік көлікті ұрлап кеткен күдікті ұсталды

329 просмотра

Алматыда полиция жалпы құны 30 миллион теңге болатын үш шетелдік көлікті ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция сәуір-мамырда Алматыда жалпы құны 30 миллион теңгеге жуық болатын үш шетелдік көлікті ұрлаған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғынын ұстады.

"34 жастағы ер адам пәтер мен үйлерден ұрлық жасаумен айналысқан. Ол басқа құнды заттармен бірге үй иелерінің көліктерінің кілтін алып, ұрланған көліктермен қылмыс орнынан қашып отырған. Артынша қаскүнем қарыздарын өтеу үшін ұрланған көліктерді арзан бағаға сатып жіберген", - делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. Көліктер заңды иелеріне қайтарылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

22 мамыр, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.