Атырау, 22 қыркүйек 12:35
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Алматыда төрт адам 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған

429 просмотра
Алматыда төрт адам 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Күдіктілер Алматы қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде «Хюндай» автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1 мың 212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

22 мамыр, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.