Атырау, 22 қыркүйек 12:47
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Министр Қазақстанда салынып жатқан «жайлы мектептер» қай тілде ашылатынын айтты

505 просмотра
Фото: freepik.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында ашылатын білім ошақтары қазақ тілді болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Десе де, министр мектеп ашылған кезде өзгерістер болып қалуы мүмкін екенін меңзеді.

«Ашылу процесінде тағы бір өзгерістер болса, оны нақтылауға болады. Биыл ашылатын мектептер 100 пайыз қазақ тілінде болуы мүмкін. Яғни жайлы мектептерді жүз пайыз қазақ тілінде ашу жоспарланып отыр. Бірақ ашылған кезде тағы нақтылаймыз», деді Бейсембаев үкіметте өткен брифингте.

Ол мектептерде қазақ тілінің сапалы оқытылуына қатысты мәселе бар екенін ашық айтты.

«Жалпы, мектептерде қазақ тілінің дамуына қатысты ушығатындай ешқандай себеп жоқ екенін ресми баяндаймын. Өйткені, қазақ сыныптарында оқитын балалардың саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Тілдің сапалы берілуіне қатысты мәселе бар. Мұны өз деңгейіне жеткізу бағытында арнайы емтихандар басталды. Яғни қазақ тіліне деген қажеттілікті тудыруға байланысты қабылданып отырған шешімдердің бірі. Одан бөлек, оқытудың сапасын арттыру бағытында әдістемелік жоба пилоттық негізде енгізіліп жатыр. Осындай көптеген іс-шара тілдің сапасын арттыру, қажеттілігін қанағаттандыру бағытында жыл сайын қабылданып, өз нәтижесін беріп жатыр», - деді Бейсембаев.
21 мамыр, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.