Атырау, 23 қараша 12:10
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мыңдаған бразилиялық футболға жұмсалатын шығынға қарсы көтеріліске шықты

1 748 просмотра

Дүйсенбі күні мыңдағана адам Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро және Бразилиа көшелеріне шығып, көлік билеттерінің қымбаттауы мен 2014 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына жұмсалатын шығынға қарсылық білдірді, деп хабарлайды ВВС. 

Көтеріліске қатысушылар тек билеттің қымбаттауы мен чемпионат шығындарына қарсы емес, сондай-ақ, осы аталғандарды байланыстыра отырып, жалпы сыбайлас жемқорлық пен әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдіруде.

Бразилиада дүйсенбі күні шерушілер парламент қоршауын бұзып кіріп, ғимараттың шатырына шықты. Сан-Паулуда құқық қорғау органдарының басшылары көтерілісті ұйымдастырушылармен алдын ала келіссөздер жүргізіп, жаңа қақтығыстың алдын алуға тырысты.

Сенбі күні Бразилиада адамдар Конфедерацияның халықаралық кубогі үшін ойын өтіп жатқан стадионға басып кірмек болды. Бұл әлем чемпионаты қарсаңындағы басты дайындық боп саналатын кездесу.

Полиция көзден жас шығаратын газ арқылы шерушілерді таратты. Ондаған адам, оның ішінде журналистер де бар, жарақат алды. Дәл осындай оқиға Рио-де-Жанейро мен Белу-Оризонтиде де қайталанды.

2 маусым күні билік автобус билеттерінің 3 реалдан (1,40 АҚШ доллары) 3,20 реалға қымбаттағанын мәлемдеген Сан-Паулуда да көтеріліс болды. Биліктің билет бағасы өзге бағаларға қарағанда әлдеқайда баяу өседі деп түсіндіргені еш көмектескен жоқ. 

Дереккөз: bnews.kz

18 маусым 2013, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.