Атырау, 22 қыркүйек 12:30
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Күш құрылымдары Павлодарда құны 4,2 млрд теңгеге бағаланған есірткі партиясын жойды

396 просмотра
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" жасағы және прокуратура органдарын тарта отырып, Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға түскен.
 

«Саяжайдағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді. "Қара нарықтағы" бұл партияның құны 4,2 млрд теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады», - деп хабарлайды ҰҚК.
21 мамыр, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.