Атырау, 22 қыркүйек 12:37
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Ауа райы болжамы: бірқатар өңірде найзағай ойнап, тұман күтіледі

418 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн бұлттанып, найзағай ойнайды. Ал кей аймақтарда тұман болып, күн райы күр салқындауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында, күңдіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 21 мамырда күңдіз найзағай. Түнде және таңертен тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының шығысында, орталығында, күңдіз оңтүстік жартысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 21 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік- батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Абай облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. г. Павлодар: 21 мамырда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 21 мамырда күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с

Атырау облысы

Түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

21 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 21 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 21 мамырда түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с.

Жамбыл облысы

Күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 21 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі (Текелі қаласы, Ескелді, Кербулақ, Көксу, Аксу, Саркан, Алакөл, Панфилов) аудандарында беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

21 мамыр, 07:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.