Атырау, 16 қаңтар 10:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Фармацевтика саласындағы картельдік сөз байласуға қатысушыларға 342 млн теңге айыппұл салынды

567 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  тергеу жүргізді, оның барысында бірнеше фармацевтикалық компанияларға қатысты істер сот тәртібімен қаралды. «Медсервис плюс «КФК» ЖШС, «Ақниет» ЖШС және «Стофарм» ЖШС компаниялары «СК-Фармация» ЖШС жүргізетін дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау бойынша қызметтерді сатып алу кезінде картельдік келісімге қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот талқылауы нәтижесінде сөз байласуға қатысқан ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 342 млн.теңгеге айыппұл салынды. Сот бұл фармацевтикалық компаниялардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу екенін, ойдан шығарылған бәсекелестік туғыза отырып, алдын ала уағдаласқанын және лоттарды өзара бөлгенін растады.

20 мамыр 2024, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.