Атырау, 22 қыркүйек 12:39
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Астанадан Прагаға рейстер ашылады

353 просмотра
Фото: freepik.com

Биыл 22 мамырда Астана әуежайынан Прагаға алғашқы рейс ұшады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына сілтеме жасап.

Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Жолаушылар  Boeing-737 әуе кемесімен ұша алады.

«Рейс Астанадан 8:30-да ұшып шығып, Прагаға жергілікті уақытпен 10:25-те барады. Ал Прагадан Астанаға 11:15-те ұшып, межелі жерге кешкі 20:10-де қонады. Бұл көптен күткен бағыт Қазақстан тұрғындарына Чехияның әдемі астанасына, сондай-ақ Чехия тұрғындарына әлемдегі ең жас астаналардың бірі - Астана қаласын көруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Рейстерді «Scat» әуе компаниясы орындайды.

20 мамыр, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.