Атырау, 3 қыркүйек 20:32
 дождьВ Атырау +29.2
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

962 рет қаралды

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 мамырда Астана уақытымен сағат 10:10-да сейсмикалық станциялар желісі эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9. MPV магнитудасы - 5,7.

Алматыда жер сілкінісінің күші 2 балға дейін сезілді. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

20 мамыр 2024, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.