Атырау, 25 маусым 03:17
 дождьВ Атырау +25
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Балқаш көлінің суы толып жатыр

616 рет қаралды
https://ortcom.kz/

Қазақстандағы ірі көлдердің бірі Балқаштың суы 8 см-ге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, көлге трансшекарадық Іле өзенінің суы қойылып жатыр. Осылайша, көлдегі су деңгейі 8 см-ге толған.

«Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте, дәлірек айтсақ, Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бекеттерінде бақылау орнады. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр», - дейді Әбдуалиева.

Балқаштың көлі бұған дейін 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Қазір көлдегі су деңгейі 182 см-ге жеткен.

20 мамыр 2024, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.