Атырау, 18 шілде 18:06
 дождьВ Атырау +27.3
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Иран президенті тікұшақ апатында көз жұмды

643 рет қаралды
Фото: ria.ru

Құтқарушылар Иранның президенті Ибрахим Раисидің тікұшағын апат болған жерден тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап. Иранның «Қызыл жарты ай» қоғамдастығы Иран президентінің апаттан көз жұмғанын растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін іздеу-құтқару топтары Иран президенті Ибрахим Раисидің тікұшағының апат болған жерін тапқан еді.

Апат Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде болған.

20 мамыр 2024, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.