Атырау, 22 қыркүйек 14:30
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Адамдардың көзінше ұрған: Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

684 просмотра
видеодан скриншот

Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде әйел соққыға жығылды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияның WhatsApp нөміріне Шұғыла ықшамауданындағы кіреберістердің біріндегі бақылау камералары түсірген бейнежазбаны жолдаған. Кадрлардан әйелдің лифтке кіргенін көруге болады, онда ақ жейде киген ер адам тұрған. Олардың арасында жанжал туындайды. Әйел лифттен шығып, баспалдақпен түсіп бара жатқанда, ер адам оның артынан жүгіріп, баспалдақтан құлайды. Басқа қабатқа жетіп, тұрғындардың көзінше әйелді соққыға жығады.

Алматы полициясының баспасөз қызметі ұрып-соғу дерігі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қамауға алынды.

"Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы полициясы.

17 мамыр, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.