Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми өкілі Жанна Сағидолла облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа қатысты шыққан ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айта кетейік, бұған дейін Yedilov.online телеграмм арнасы Ноғаев қазіргі қызметінен кетуі мүмкін екенін жазған.
«Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысиы қазіргі лауазымынан кетеді», - деп жазған телеграмм арнаның иесі Ербол Еділов.
Бұл жазбаның астына әкімдіктің ресми өкілі, баспасөз хатшы Жанна Сағидолла пікір білдірген.
«Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз жұмыс орнында», - деп жазды ол.
Ноғаев 2021 жылдың қыркүйегінен бері Маңғыстау облысын басқарып келеді.