Атырау, 22 қыркүйек 16:34
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Салтанат Нүкенова тірі болғанда бүгін 32 жасқа толар еді

399 просмотра
Фото: Instagram/aitym

Азаматтық некедегі жолдасы, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың бүгін туған күні, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның туған ағасы Айтбек Амангелді қарындасының туған күніне орай желідегі парақшасына видео жариялап, "Туған күніңмен, Салтик" деп жазба қалдырды.

Ал оқырмандары болса Салтанаттың қазасына ортақтасып, тірі болғанда 32 жасқа толатынын айтып өкініштерін білдірді.

Салтанат Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда Павлодарда дүниеге келген. Салтанаттың есімі 2023 жылдың 9 қарашасында бүкіл әлемге танымал болды. Ол 31 жасында өзінің азаматтық некедегі жары Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. 9 қарашада ұсталған Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденіп, жарты жылға созылған істің нүктесі қойылды. Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға сотталды. Ал оның қылмысын жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жыл арқалады.

Қазіргі таңда Салтанат Нүкенова атындағы қор жұмыс істеп жатыр. Қордың негізін қалаушы - Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Ол тұрмыста зорлыққа ұшыраған әйелдерге тиісті көмек көрсететінін атап өтті.

15 мамыр, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.