Атырау, 1 қараша 04:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 488.26
€ 530.54
₽ 5.03

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

371 просмотра
Фото: freepik.com

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алу бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

"Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.
Тергеу сотының санкциясы бойынша "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


15 мамыр, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.