Атырау, 22 қыркүйек 16:44
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

"Ақшаға құныққан". Бектенов такси жүргізушілерін сынға алды

506 просмотра

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов такси жүргізушілерін сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Туристік бизнесте "демалуға қайтсе де келеді" деген қарабайыр түсінік қалыптасқан. Дәл осындай көзқарас еліміздің туристік имиджіне нұқсан келтіреді. Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді. Олардың ойлағаны қонақты баратын жеріне қауіпсіз жеткізу емес, барынша қомақты ақша алып қалу, - деді Олжас Бектенов.

Бектенов вокзалдар мен әуежайларда өркениетті көлік түрімен қамтамасыз ету туралы әкімдіктерге бірнеше рет тапсырылғанын айтады. Алайда әлі күнге дейін нәтиже жоқ.

Біз мұндай тәсілдерді өзгертпейінше, сыртқы туризм кеңінен танымал болып қала береді. Бұл ретте, Қазақстанның табиғаты мен әсем жерлері елімізде экологиялық, мәдени, зиярат ету және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға зор мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет тарапынан туристік аймақтарда инфрақұрылымды қамтамасыз етіп, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Өз кезегінде бизнес тарапы туристік аумақтарды ұқыпты пайдаланып, қолжетімді бағамен сапалы сервисті қамтамасыз етуге тиіс. Бұл әуе және теміржол билеттерінің бағасына да қатысты, - деді үкімет басшысы.

Оның сөзінше, шағын азаматтық авиация мүмкіндіктерін де туризмді дамытуға пайдалануға болады.

Ол үшін Көлік министрлігі инфрақұрылымды қайта қарап, әлеуетті инвесторларды тарту үшін тиісті жағдай жасауға тиіс. Сонымен қатар қауіпсіздік мәселелерін пысықтап, көршілес елдермен қатар алыс шетелдердің де тәжірибесін зерттеп көру қажет, - дейді премьер-министр.  
14 мамыр, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.