Атырау, 16 қаңтар 19:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Фермерге жерінде агротуризммен айналысуға рұқсат берілмек

423 просмотра

Халықаралық франшизасы бар қонақүйлер үшін жеңілдікпен кредит беру мерзімі 7-ден 10 жылға дейін ұзартылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері министрлік жаңа бастамаларды пысықтап отыр. Осындай бастамалардың бірі қазірдің өзінде енгізілді. Оның аясында халықаралық франшизасы бар қонақүйлер үшін жеңілдікпен кредит беру мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. Келесі бастама – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл арқылы 10 мыңнан астам ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтуға болады», - деді ол.

Бұдан басқа, министр әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу жөнінде заңнамалық құзыреттер беру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Аталған бастамаларды заңнамалық деңгейде бекіту үшін депутаттармен жұмыс істелініп жатыр.

14 мамыр 2024, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.