Қазақстанда 17 мамырдан бастап шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі zan.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған қаулыға сәйкес қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай шекті бағалар белгіленген:
- Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;
- Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
Қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:
- дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;
- Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.
Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанармай құюды қалайтын қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін жанармай құю бекетінде жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін ұсынуы қажет.