Атырау, 2 маусым 16:28
 дождьВ Атырау +13.8
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

​Лисаковта терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

356 рет қаралды

2024 жылғы 13 мамырда Лисаков қаласының аумағында «Деко» сауда орталығы сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Лисаков қалалық терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды ҚР терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою болып табылады.

Өткізілетін іс-шараларға байланысты Комсомольская көшесі мен Сәтбаев көшесіндегі қозғалысты шектеу шаралары көзделген.

Лисаков қаласының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы аумақта болудан және жүруден бас тартуды сұраймыз.

13 мамыр 2024, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.