Атырау, 16 қаңтар 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Alma TV-ға хакерлік шабуыл жасалды

760 просмотра

Alma TV интернет арқылы хабар тарату кезінде хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

9 мамырда аналогтық, цифрлық және спутниктік теледидар қызметтері штаттық режимде істеп тұрды. Ал сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер байқалды.

"Қызмет провайдерінен алынған мәліметтерге сәйкес, сәтсіздікке көп деңгейлі кибершабуыл себеп болды. Компания мамандары оқиғаға жедел әрекет етіп, сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде бұл қызмет толық қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал компания осы оқиғадан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап отыр.

10 мамыр 2024, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.