Атырау, 16 қаңтар 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Су басқан елді мекендердің тұрғындары әлі жарықсыз отыр

657 просмотра
Фото: freepik.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев су тасқыны күрделі болып тұрған өңірлерде электр энергиясын қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрдің айтуынша, Қостанай облысында электр энергиясынан ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін қысқарған. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін азайды.

«Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектеу қойылған абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге қысқарды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіріледі», деп мәлімдеді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетика маманы, 2 145 бірлік арнайы автотехника жұмылдырылған. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар.

Министр алдағы уақытта электр желілерінің 3 мыңнан астам тірегін қалпына келтіру қажет болатынын атап өтті.

 

10 мамыр 2024, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.